
Фото: egemen.kz/Ерлан Омар
2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында Қазақстан заңсыз шығарылған активтерді қайтара бастады.
2023 жылы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң қабылданды. Қазір осы заң аясында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның мәліметінше, былтыр мемлекет кірісіне қосымша 900 млрд. теңгеден астам қаражат тартылған.
«2022 жылдан бастап мемлекетке шетелден қайтарылған 750 млн доллардан астам соманы қоса алғанда, жалпы сомасы шамамен 1,7 трлн теңгеге актив қайтарылды. Бұл қаражат әлеуметтік нысандарды салуға, су тасқыны салдарын жоюға және өзге де өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады», делінген ҚЗСИ хабарламасында.
Халықаралық сарапшылар заңсыз шетел асқан активтерді қайтару ісі 1 жылдан астам уақытты талап етсе де әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіріп, экономикалық жағдайды жақсартуда маңызды қадам деп бағалайды.