Саясат • 08 Ақпан, 2025

Жас сайлаушылар мол мағлұматқа қанықты

201 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік сайлау күні аясында Орталық сайлау комиссиясы­ның төрағасы Нұрлан Әбдіров Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сту­дент­терімен кездесу өткізді. Онда елорданың 500-ден аса жас сай­лаушысы мен жастар ұйым­­дарының көшбасшылары жиналды.

Жас сайлаушылар мол мағлұматқа қанықты

Кездесуге Орталық сайлау комис­сиясының мүшелері, сондай-ақ ОСК жанындағы Сараптамалық кеңестің, Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының, Жас сайлаушылар клубының өкілдері мен Астана қаласы мен аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Н.Әбдіров жастарға Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық дамуы туралы айтып берді. Комиссияның негізгі құндылықтары – азамат, әділдік, демократия, сенім, ал қағидаттары – заңның үстемдігі, тәуелсіздік, ашықтық, инклюзивтілік, алқалылық, кәсібилік. ОСК төрағасы жас сайлаушыларға ОСК бастамасымен сайлау тақырыбында үш тілде жарық көрген ғылыми басылымдарды және екі тілде жарияланған «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңға түсініктемені таныстырды.

«2022 жылғы референдум алдында мен еліміздің барлық өңірін­де халықпен 70-тен аса кездесу өт­кіз­дім. Азаматтардың басты сұрағы партияны ғана емес, нақ­ты тұлғаларды да сайлауға мүмкіндік беретін мажо­ри­тарлық жүйені қайтару болды. Конс­титуциялық реформа­ның нәтижесінде аралас сайлау жүйесі енгізілді: Мәжіліс депутаттарының 70%-ы партиялық тізімдер бойынша, 30%-ы бірмандаттық округтер бойынша сайланады. Облыстар мен респуб­ликалық маңызы бар қалалардың мәсли­хаттарында арақатынас 50/50 құрайды. Ал аудандық мәслихаттардың депутаттары тек бірмандаттық округтер бойынша сайланады. Осылайша, елдің депутаттық корпусының 90%-дан астамы – халық тікелей сайлаған нақты тұлғалар», деп атап өтті Н.Әбдіров.

Ол елдегі реформалардың нәтиже­сінде, қазір әкімдердің 90%-дан астамын (шамамен 2 500 әкім) халық тікелей сайлайтынын атап өтті. Үдеріс 2021 жылы басталды. Осы уақытқа дейін ауылдар­дың, ауылдық округтердің, кенттер мен аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің 94%-ы сайланды. Қалған 6%-ы осы жылы сайланады.

Кездесу интерактивті сұрақ-жауап сес­сиясымен жалғасты. Онда сту­­­дент­тер өзекті сұрақтар қойып, ортаға ой-пікірін салды. Мәселен, ОСК жа­нын­дағы Жас сайлаушы­лар клу­бы­ның мүшесі Әмірлан Нұрғазин әдіс­темелік ұсынымдар ретінде әкім­нің жұмысы туралы нұсқаулар жина­ғын жасауды ұсынды. Қазақстан сту­дент­тері альянсының төрағасы Ұлан Нәукен студенттік өзін-өзі басқару ұйым­дарын­да сайлауды енгізу жос­парын жария­лап, Орталық сайлау комис­сиясы­нан әдістемелік қолдау сұра­ды. Заң фа­куль­тетінің студенті Серік­бай Қуа­ныш былтырғы сайлаудың қорытын­дысы мен келешегі туралы айтуды өтінді. Экономика факультетінің студен­ті Мұхтар Аслан электронды дауыс беру мүмкіндігі туралы білгісі келді.

ОСК басшысы талқылауға белсене қатысқан жастарға Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай шығарылған басылымдардың даналарын табыс етті. Кездесу барысында 400-ден аса жас қатысқан сайлау мәселелері бойынша дәстүрлі онлайн сауалнамаға үлкен қызығушылық туды. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 52,9%-ы сайлау мен референдумға дауыс беру азаматтық борышы деп санайды. Респонденттердің 44,4%-ы сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар сайлауда және ре­ферендумда дауыс бермеуі керек, ал 47,3%-ы қылмыс жасағаны үшін соттал­ған азаматтардың дауыс беруге құқығы жоқ екенін атап өтті.

Жастардың басым көпшілігі (89,9%) президенттікке кандидатқа қазақ тілін білуі бойынша лингвистикалық емтихан тапсыруы керек деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 72,5%-ы президенттікке кандидаттарға елде, ал Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау округінде тұру мерзімі бойынша қойылатын қазіргі кездегі талаптарды қолдайды. Қатысушылардың жартысына жуығы (45,4%) толтырылған бюллетеньмен суретке түсіруге (селфи) тыйым салуды енгізу қажет деп санайды, 39,9%-ы сайлау мен референдумдарда заң бұзушылықтар мен манипуляциялар себебінен интернет арқылы дауыс бермейтінін айтты.

Дүниежүзілік сайлау күні аясында елімізде 82 мыңнан аса адамды қам­тыған 1 900-ден аса пікірталас және ин­терактивті іс-шаралар өтті. Іс-ша­ралар­дың басты мақсаты – жастар­дың құқықтық және сайлау мәдениетін арт­тыру, сайлауға жауапкершілікпен қа­рау­ды және сайлау институтына деген сенім­ді қалыптастыру.