Спорт • 09 Ақпан, 2025

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Азия ойындарының чемпионы атанды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында алтын медаль еншіледі, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Азия ойындарының  чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы ерлер арасында 5000 метрден командалық эстафетадан чемпион атанды. Денис Никиша, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметов жарыс жолына шықты.

Бастапқыда отандастарымыз үшінші орынды сақтады. Соңғы айналымдағы бұрылыста Корея құрамасының спортшысы қытайлық спортшымен соқтығысып, қазақстандық спортшы мәре сызығын бірінші болып кесті.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарындағы алғашқы алтыны. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы осы спорт түрінен Азиадада тұңғыш рет алтын алып отыр.

Осыған дейін, Қазақстан қыздар құрамасы 3000 метрге эстафетадан күміс алды.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас командалық эстафетадан ел қоржынына алғашқы күміс жүлде салған болатын.

Соңғы жаңалықтар