Қоғам • 09 Ақпан, 2025

Бейнеудегі ірі жол апатынан төрт адам қаза тапты

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бейнеу-Сайөтес» тас жолында Toyota Camry «Камаз» жүк көлігімен соқтығысты, деп жазады Egemen.kz.

Бейнеудегі ірі жол апатынан төрт адам қаза тапты

Өңірдің полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты Бейнеу – Сайөтес тас жолында 6 ақпанда болған.

Соқтығыс салдарынан жеңіл көліктің төрт жолаушысы сол жерде қайтыс болған. Toyota Camry жүргізушісі жарақатпен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді, онда оған медициналық көмек көрсетіледі.

«КАМАЗ» жүргізушісіне жарақаттың болмауына байланысты дәрігерлердің көмегі қажет болмады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша іс қозғалды (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу). Тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар