
Солтүстік аймақтар солтүстік циклонның ықпалында қалса, оңтүстік өңірлерге оңтүстік циклоны әсер етеді. Осыған байланысты қар жауып, боран соғуы мүмкін. 14 ақпан Қызылорда облысында, 14-15 ақпан Түркістан облысында, 15 ақпан Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында қалың қар жауады деп күтіледі.
Күндіз еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал, бұл көктайғаққа әкеледі деп болжанған.
Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі болжанып отыр. Температуралық фон тұрақты болып қалады, күрт өзгерістер күтілмейді.