Сенат • 13 Ақпан, 2025

Зейнетақы активтерін басқару хақында

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Зейнетақы активтерін басқару хақында

Сурет: senate.parlam.kz

Қатысушылар іс-шара барысында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық страте­гиясының тиімділігін және аза­маттардың мүддесін ескере отырып, зейнетақы активтерін басқару тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов өз сөзінде зейнет­ақы жинақтарын тиімді ин­вестициялау зейнетақы жүйе­сінің тұрақтылығын қамта­масыз етудегі маңызды фактор екенін атап өтті.

«Зейнеткерлік жасқа дейінгі жинақталған қаражаттың жай ғана шотта сақталмай, көбейіп отыруы үшін оны тиімді инвестиция­лау қажет. Зейнетақы жинақ­тарын инвестициялаудың тиімділігі аза­маттардың зейнетақымен қам­сыздандырылу деңгейіне тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл мәселе әрдайым қоғам үшін өзекті болып қала бермек», деді ол.

Депутаттар, мемлекет­тік ор­­ган өкіл­­дері мен са­рап­­шылар талқылау барысын­да жинақтаушы зейнетақы жүйе­сінің макроэкономика­лық көр­сеткіштерін, зейнетақы активі­нің қазіргі бөлінісін және оның инвестициялық тиімділігін қарас­тырды. Әсіресе, зейнетақы қаржысын инфрақұрылымдық және аграрлық жобаларды қар­жы­ландыруға пайдалану мәселе­сіне, сондай-ақ зейнетақы жинақ­тарының кірістілігін арттыру жолдарына ерекше назар аударды.

Дөңгелек үстел отырысына қаты­су­­шылар зейнетақы актив­терін басқару жүйесін жетілдіруге бағыт­­талған бірқатар ұсыныс әзір­ле­ді. Бұл ұсыныстар жан-жақты қарас­тыру және іске асыру үшін тиіс­ті мем­лекеттік органдарға жолданады.

Соңғы жаңалықтар