
Фото: gov.kz
Мас күйінде көлікке отырған шенеунікті тәртіп сақшылары 29 қаңтар күні кешкісін ұстаған.
«Төлебаев көшесінде түнгі 03:15-те Бабақұмаров Toyota Land Cruiser Prado көлігін мас күйінде жүргізген», делінген сот қаулысында.
Ол енді 15 тәулігін түрмеде өткізеді.
Айта кетейік, Ержан Бабақұмаров 2019 жылы Президенттің кеңесшісі болған. Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметін, Премьер-министр кеңсесін басқарған.