
«Жүкті әйелде преэклампсия және HELLP синдромы анықталған болатын. Осыған орай, бірнеше сала мамандары бірлесе әрекет етіп, төрт рет шұғыл ота жасады. Бұл жерде науқаста көптеген асқынулармен, сепсис, органдардың дұрыс жұмыс істемеуі науқастың жалпы жағдайының ауырлауына әкелді. Ота кезінде толық хирургиялық гемостаз және ішкі мықын артерияларын байлау жүргізілді, бірақ науқастың жағдайы үлкен алаңдаушылық туғызды», дейді облыстық аурухананың акушерлік гинекология және перинатология орталығының директоры Гүлжахан Жұмадуллаева.
Операциядан кейін үшінші күні акушерлік, реаниматология және гепатология саласындағы сарапшылардың қатысуымен телемедициналық кеңес жүргізілді.
«Барлық қиындықтарға қарамастан, медицина қызметкерлерінің табандылығы мен кәсібилігінің арқасында оң нәтижеге қол жеткізді. Бірнеше сала мамандары заманауи тәсілдерді қолдана отырып, ана мен баланың өмірін құтқарып қалды. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы жақсарып, отбасына аман-есен оралды», деп толықтырды Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева.