Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Ақпан, 2025

Қыш тақтайшаға «Жұмысшы мамандықтары жылы» логотипі салынды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған логотипті салған – Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі, деп жазады Egemen.kz

Қыш тақтайшаға «Жұмысшы мамандықтары жылы» логотипі салынды

Фотолар: Oqu-agartu ministrligi

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аясында ұсынылған ерекше жоба туралы идея фестивальге дайындық барысында туындаған екен. Кәсіби шеберлік пен шығармашылықтың жарқын көрінісі болған логотипті авторлары екі күнде дайындаған.

Логотип жобаның авторы — колледжде 10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Рымбек Қапашұлы. Аталған жұмысты орындауға колледж студенттері де белсенді қатысып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолданған.

gov.kz

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше сонымен қатар колледж «Жұмысшы мамандықтар жылы» логотипі бейнеленген бұйымдар мен шыны ыдыстар әзірледі. Бұл кәдесыйлар фестиваль ұсынған ерекше жобалардың бірі болды.

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар осы салада қолданылатын заманауи технологияларды таныстыратын маңызды алаңға айналды.