Қоғам • 15 Ақпан, 2025

Шығыс Қазақстанда 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тарбағатай аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен іс қаралды. Белгілі болғандай, ер адам 23 қаңтарда үйде бір бөтелке арақ ішіп, өзінің туған қызына былапыт сөздер айтқан.

– 18 жастағы қыз бұл туралы Тарбағатай аудандық полициясына хабарлады. Тексеру барысында айыпталушының "аса ауыр" алкогольдік мас күйде бола тұра, қызына жанжал шығарып, әдепсіз сөздер айтып, оның тыныштығын бұзғандығы анықталған. Соттың қаулысымен ер адам кінәлі деп танылды. Ол ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген ақпаратта.