Ауа райы • 17 Ақпан, 2025

Бүгін елімізде қар жауып, бұрқасын болады

2465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер дүйсенбі, 17 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін елімізде қар жауып, бұрқасын болады

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің бірнеше өңірінде қар жауады.

«Тек еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады», делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман, солтүстік пен батыста бұрқасын мен жел күтіледі.

Астанада құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады, бұрқасын болады. Жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с. Ауа температурасы түнде -9...-11°C, күндіз -3...-5°C.

Алматыда жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз 0...+2°C.

Шымкентте күн бұлтты, құрғақ. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +7...+9°C.

Соңғы жаңалықтар

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:50

Жаңақорғанда макарон шығады

Өндіріс • Бүгін, 09:35

Дегдар сөз иесі

Жансарай • Бүгін, 09:30