Үкімет • 19 Ақпан, 2025

Олжас Бектенов шахтадағы апат салдарын мұқият тексеруді тапсырды

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Ұлытау облысы «Жомарт» кенішінде қаза болған жұмысшылардың отбасына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz

Олжас Бектенов шахтадағы апат салдарын мұқият тексеруді тапсырды

Фото: Үкімет

Олжас Бектенов Үкімет отырысын шахтадағы апатқа байланысты мәселелерді талқылаудан бастады.

«Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», деді Олжас Бектенов.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев есеп берді. 
«Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз», деді Үкімет басшысы.