
Фото: ашық дереккөз
Құтқарушылар көлікті қардан сүйреп шығарған. Жолаушылар дін аман күйінде ары қарай жолға шығып кеткен.
Осындай оқиға Ұлытау облысында да орын алған. Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтасты ауылынан 10 шақырым қашықта қар құрсауында қалған көліктен екі адам құтқарылған.
Төтенше жағдайлар қызметі күн райы туралы хабарламаға назар аударуды және боранда елді мекеннен тысқары шықпауды ескертеді. Өйткені боран соқпағанның өзінде сырма жүріп, жолды қар басып қалуы мүмкін.