Жақында Ақтөбе қаласында бір күнде екі балабақша ашылды. «Батыс-2» шағын ауданында бой көтерген үш қабатты «Айлин» балабақшасының сәні мен салтанаты келісіп, жұтынып-ақ тұр. 320 орындық еңселі ғимараттың жалпы алаңы – 3714,6 шаршы метр. Балабақшада 12 топ жұмыс істейді. Осы заманғы үлгіде жабдықталған ғимараттың дербес трансформаторлық стансасы мен жылыту қазандығы бар. Мұнда қазір бір мезгілде 300 баланы қабылдаса, болашақта 500 балаға дейін тәрбиеленетін болады. Құны 850 миллион теңгені құрайды. Балабақшаның салтанатты ашылуында облыс әкіміАрхимед Мұхамбетов сөз алып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында балабақшалардағы орын тапшылығын, үш ауысымды және апаттық мектептер мәселелерін шешуге айрықша тоқталғанын тілге тиек ете келіп, бүгінгі сәтті осы тапсырманы шешудің айқын мысалы ретінде атап өтті. Өңір басшысы бүгінгі таңда облыста балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту көрсеткіші 87 пайыз, яғни республикалық көрсеткіштен 10 пайызға жоғары болып отырғанын жеткізді.
Бұл кәсіпкер Зәмзегүл Баймағамбетова мен жекеменшік серіктестігі бойынша салып отырған төртінші мектепке дейінгі мекеме болып шықты. Оның балабақша меңгерушісі Гүлнар Мұратоваға су жаңа балабақшаның символдық кілтін тапсыруы да салтанатты сәттің ажарын аша түсті.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Заречный-4» елді мекеніндегі №47 «Нұр-Ай» мемлекеттік балабақшасының салтанатты ашылуына қатысушы ата-аналар мен бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасты. «Балапан» бағдарламасы аясында салынған бұл нысан 150 балаға арналған. Құрылысты «Кварц спецсервис» ЖШС сапалы салып, қысқа мерзімде аяқтаған.
Серіктестік директоры Айдын Есмұханов жиналғандарды құттықтап, балабақша меңгерушісі Назгүл Балмағамбетоваға ғимараттың символдық кілтін салтанатты жағдайда тапсырды. Балабақшадағы 6 топтың әрқайсысында 25 бала тәрбиеленетін болады. Мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Балабақшада музыкалық зал, ойын және жатын бөлмелер, медициналық кабинет, асхана, кір жуатын бөлме бар, жаңа үлгідегі жиһаздармен және жабдықтармен жарақтандырылған. Медициналық блогта процедуралық және дезинфекциялық құралдарды дайындайтын бөлмелер, сыртқы алаңында әр топқа арналған көлеңкелі шатырлар мен ойын алаңында шағын нысандар, спорттық-экологиялық алаңдар қарастырылған.
Үстіміздегі жылы облыста 7 балабақша ашу жоспарланса, қазірдің өзінде екеуі пайдалануға берілді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05