
Фото: ашық дереккөз
Ұлттық қор құрылған сәттен бастап оның жинақталған кiрiстiлiгi 2000 жылы 128% -ға немесе жылдық көрсетуде 3,55% - ға жеттi. Мұндай мәліметтер Ұлттық банк басқармасының отырысында келтірілді.
Отырыс барысында Ұлттық банк басшылығы валюталық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізді. Банктердің валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін қысқартты. Жүргізілуі валюталық заңнаманың талаптарынан жалтаруға бағытталуы мүмкін және қаржы мониторингіне жататын операциялардың тізбесін кеңейтті. Айырбастау орындарында сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгіледі.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, Ұлттық қордың мөлшері 2024 жылдың қорытындысымен 33 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішінде қорға 8,82 трлн теңге түсіп, 5,62 трлн теңге пайдаланылды. Өткен жылдың тоғыз айындағы инвестициялық кіріс 4,98 трлн теңгені құрады.
Қаржы министрлігінің мәліметтері Ұлттық банктің мәліметтерімен ерекшеленеді, себебі ведомство қордың валюталық активтерін ғана емес, теңгедегі активтерді де ескереді.
Ұлттық қордың инвестициялық кірісі - бұл акцияларды, облигацияларды, депозиттерді және басқаларды қоса алғанда, оның активтерін әртүрлі қаржы құралдарына орналастырудан алынған пайда.