Салық • 21 Ақпан, 2025

93 блогердің салық есебі қайта жіберіледі

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 19 ақпанда 93 блогердің 9,8 млрд. теңге салық төлеу туралы хабарламасы кері қайтарылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

93 блогердің салық есебі қайта жіберіледі

Фото: egemen.kz/Ерлан Омар

Комитет хабарламаны өңдеу, жіберу кезінде техникалық ақау болғанын айтып отыр. 

Ақау жойылғаннан кейін хабарламалар қайта беріледі. 

Айта кетейік, бұған дейін 594 блогерге жалпы жиыны 53,3 млрд. теңге салық төлеу туралы хабарлама келген еді.