Қаржы • 21 Ақпан, 2025

Жаңа үлгідегі 1000 теңгелік банкнот айналымға шығады

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының кезекті отырысында жаңа дизайндағы 1 000 теңгелік банкнота айналымға қашан шығарылатындығы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаңа үлгідегі 1000 теңгелік банкнот айналымға шығады

фото: Ұлттық банк

Бұл жайлы бүгін ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында мәлімденді.

«2025 жылғы 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылданды», делінген ақпаратта.

Сондай-ақ 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета – «GRIFFIN» («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және «OTYRAR» («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.