Білім • 24 Ақпан, 2025

Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған тәлімгерлік институты жұмысын бастаған еді, деп жазады Egemen.kz.

Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді

Фото: depositphotos.com

Тәлімгерлік институты білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін 10 жастан бастап өз бетінше өмір сүруге баулиды. 

«Тәлімгерлерді даярлау - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сапалы қолдау мен көмек көрсетуде маңызды қадам. Біз бұл шара балаларды әлеуметтендіруге және өз бетінше өмір сүруге дайындауға ықпал ететін тәлімгерліктің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Тәлімгерлікке кәмелет жасына толған және қорғаншыларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін азаматтар үміткер бола алады. Міндетті оқытудан өткеннен кейін оларға біліктілігін растайтын сертификат беріледі. Одан кейін тәлімгер, қорғаншылық және қамқоршылық органы, сондай-ақ білім беру ұйымы арасында ресми келісім жасалады.

Соңғы жаңалықтар

Тазылар тартысқа түсті

Аймақтар • Кеше