
Фотолар: Видеоскрин. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында суаттарда фототұзақтар орнатқан екен.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде ҚР-ның Қызыл кітабына енген қар барысының (Panthera uncia) бірегей кадрларын алуға мүмкіндік туған.
Қар барысының фототұзаққа ілінуі жабайы табиғатты сақтауға қолайлы жағдайлардың бар екенін, әрі парктің жүргізіп жатқан шараларының тиімділігін растайды.