
Фото: gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп адам саудасының құрбандарына АӘҚ көрсету мен оларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды іске асырып жатыр.
Әлеуметтік кодекске сай адам саудасынан жапа шеккендерге 6 ай қолдау көрсетіледі.
2025 жылдың 1 наурызындағы дерекке сай елімізде 13 дағдарыс орталығы жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік секторда (Абай обл., Шымкент қ.) – 2, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде – 11 (Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Астана қаласы).