Өнертапқыш • 27 Ақпан, 2025

Қалдық өңдеудің тиімді тәсілі

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің сту­денттері қамыс пен тамақ қалдықтарынан фитоқабат өндірудің тиімді тәсілін ойлап тапты. Студенттер бұл үшін «Waste2wear» командасын құрған.

Қалдық өңдеудің тиімді тәсілі

Команда капитаны Дильназ Дос­мұ­хамбетованың айтуынша, жаңа жоба ­пластикке экологиялық балама жасау мақ­сатында әзірленген. Олар төрт айда фито­қабаттың құрылымын қалыптасты­р­у­ға, гидрофобты қасиет­терін арттыру­ға, жағымсыз исін жоюға қол жеткізген.

«Біз шикізат ретінде негізінен қамыс пен целлюлозаны пайдалануды жос­парладық. Алайда целлюлоза – қымбат материал. Сол себептен, оны алмастыру үшін банан мен апельсин қабығын қолдануды жөн көрдік. Қамыс пен тамақ қалдықтарын ұнтақтап, белгілі бір пропорцияда араластыру арқылы фито­қабат аламыз», дейді Дильназ Досмұ­хам­бетова.

Аталған команданың мүшесі Дмит­рий Уарчевтің айтуына қарағанда, фитоқабатты әртүрлі өнімді шыға­ру­да қолдануға болады. Енді оны бизнес-жоба ретінде жүзеге асыру көзделген. Бірақ бұл жобаны іске асыру үшін қар­жы­лық және консультациялық қолдау қажет.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50