
«Әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында әскери кафедраларды құру, жабу және оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр.
Басты өзгерістер:
- Әскери кафедраларды құру және жабу тәртібін реттеу.
- Әскери дайындық сапасын бақылау стандарттарын енгізу.
- Оқу бағдарламаларын оңтайландыру.
- Оқытушыларға қойылатын талаптарды жетілдіру.
Сонымен қатар, оқытушыларды іріктеу бекітілген регламентпен жүзеге асырылады. Онда әскери атағы, ғылыми дәрежесі және қызметтік өтілі ескеріледі.
Әскери зейнеткерлерге басымдық беріледі, бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.
Бұл шаралар студенттердің әскери дайындығының сапасын арттыруға және елдегі әскери-патриоттық тәрбие жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.