
Төлем Ұлытау облысындағы «Алтын алқа», «Күміс алқа» атақтарын немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған 2711 анаға беріледі.
Сонымен қатар, төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толған жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын балалары бар 6454 көпбалалы отбасыға төленеді.
Айта кетейік, бір реттік әлеуметтік төлем ҚР Үкіметінің 2023 жыл 30 маусымдағы №523 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына» сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімімен беріледі.