Облыстық ПД мәліметінше, олардың бірі – Бородулиха ауданының 24 жастағы тұрғыны. Ол көші-қон заңнамасының талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
«Миграциялық қызмет жүргізген тексеріс барысында оның Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны, алайда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының құжаттарын тапсырмағаны анықталды. Нәтижесінде оның паспорты мен жеке куәлігі тәркіленіп, азаматтығынан айырылғаны ресми түрде тіркелді. Сонымен қатар, ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды», делінген ПД хабарламасында.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа тыйым салынған. Шетел мемлекетінің азаматтығын алған тұлғалар 30 күнтізбелік күн ішінде миграциялық қызметке хабар беріп, Қазақстан Республикасының құжаттарын тапсыруға міндетті. Бұл талапты орындамау ауыр салдарға әкелуі мүмкін.