Қоғам • 28 Ақпан, 2025

Оқу-ағарту министрлігі TikTok-қа шектеу қоюды қолдады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Наталья Жұмаділдаева TikTok-тың Қазақстандағы балаларға кері әсері және оны шектеудің ықтимал шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігі TikTok-қа шектеу қоюды қолдады

Наталья Жұмаділдаева зиянды контент балаларға ғана емес, сыни ойлауы дамымаған ересектерге де әсер ететінін айтты.

«Кез келген зиянды контент балаға да, ересек адамға да әсер етеді. Осы әлеуметтік желіні ойлап тапқан Қытайдың өзінде балаларға TikTok-та отыруға тәулігіне 40 минут қана уақыт беріледі. Бұған қоса бала білім және дамытатын контентті ғана қарай алады», деп баса айтты вице-министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда мұндай шектеулер жоқ, балалар мен ересектер мүлдем басқа контентті тұтынады.

Наталья Жұмаділдаева Оқу-ағарту министрлігі TikTok-ты шектеу бастамасын қолдайтынын айтты.

«Құқықтық база аясында біз мұндай бастамаларды міндетті түрде қолдайтын боламыз», деді ол.