
Бала 19 желтоқсан күні ауыр жарақатпен көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салғанымен, өкінішке қарай, бала есін жимастан қайтыс болды.
Медицина мамандары ашық ми жарақаты, ми шайқалуының ауыр түрі, сол жақ көзіне, маңдай, самай және төбе сүйектеріне зақым келу, ішкі қан кету және травматикалық шок деген диагноздар қойған.