
Ақпаратқа сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуімен елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады.
«ҚР оңтүстігінде жауын-шашын түседі, жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, орталықта - жаяу бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, орталықта желдің күшеюі күтіледі», деп жазды синоптиктер.