Спорт • 03 Наурыз, 2025

20 жасар шахматшы әлемдік додада қола жүлде алды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан гроссмейстері Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 жасар шахматшы әлемдік додада қола жүлде алды

20 жастағы шахматшы 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Турнирдің соңғы кезеңінде Қазақстанның екі гроссмейстері – Қазыбек Нөгербек пен 24 жастағы Әлішер Сүлейменов өзара кездесіп, тартысты ойын көрсетті. Бұл партия турнирдегі ең қызықты кездесулердің бірі болды.