Қоғам • 04 Наурыз, 2025

Қостанай облысында заңсыз алкоголь өндіретін цех анықталды

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цехтан 8 млн теңгенің  алкоголь өнімі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында  заңсыз алкоголь  өндіретін цех анықталды

Полиция қызметкерлері мен Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері аудандық прокуратураның үйлестіруімен Қарабалықта заңсыз алкоголь өндірісін анықтау бойынша бірлескен іс-шара жүргізді.

«Құқық қорғау органдарының назары облысқа шыны ыдыстардың үлкен партиясын әкелген жүк тасымалдау қызметін көрсететін кәсіпкерге аударылды. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығындағы ықшамаудандардың бірінің аумағында контрафактілік өнімдері бар цех анықталды. Тінту кезінде алкоголь өнімдерін өндіруге және бөтелкеге ​​құюға арналған жабдықтар, сондай-ақ 0,5 литрлік 2 180 бөтелке алкоголь тәркіленді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар заңсыз өнімді жөнелту пункті анықталып, жойылды. Осы орынға жеткізілген Газель көлігінде 3 мың бөтелке алкоголь мен  спирттік өнім болуы мүмкін 5 литрлік сұйықтығы бар 16 канистр табылды.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.