Қоғам • 04 Наурыз, 2025

Елімізде тасқынның алдын алу жұмыстары қарқын алды

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Инженерлік жұмыстар еліміздің әртүрлі өңірлерінде белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде тасқынның алдын алу жұмыстары қарқын алды

Фотолар: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

«576 шақырым қорғаныс бөгендері мен біліктері тұрғызылып, 822 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп салынған. Автомобиль және теміржол қатынастарында 960 су өткізу құрылыстары орнатылып, ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық түбін тереңдету, жағалауды нығайту, арналарды тазарту секілді жұмыстар жүргізілді. Зардап шеккендерді қабылдаудың 3,5 мыңнан астам пункті дайындалып, броньнан босатылған жағдайда тіршілікті қамтамасыз ету құралдары мен мемлекеттік материалдық резерв техникасы айқындалған», делінген ТЖМ хабарламасында.

Аталған шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған.

ТЖМ