
Фото: egemen.kz/Ерлан Омар
«Бәйтерек» холдингінің капиталын ұлғайту 2025 жылы 8 трлн теңгені құрайтын жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Серік Жұманғарин «Бәйтерек» холдингі қаржыландырудың жаңа құралдарын енгізу тетіктерін қарастыратынын түсіндірді.
Сондай-ақ, еліміздегі 30 мың шағын және орта бизнесті қолдауға 1,7 трлн теңгеге бөлініп, бизнестің кредиттеріне кепілдік беретін 2 қор құрылады. Ұлттық экономика министрі бұл бастама шет мемлекеттерде де тиімді тәжірибе ретінде енгізілгенін баяндады.
Ал Қазақстандағы инфрақұрылымды жаңғыртуға 1,2 трлн теңге инвестиция бағытталмақ.
«2025 жылы инвестициялардың қосымша көлемі Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында қамтылады. Инвестициялар көлемі 5 жылда 13 трлн теңгеден асады, бұл ретте биыл инфрақұрылымды жаңғыртуға салынған инвестициялар шамамен 1,2 трлн теңгені құрайды», деді Серік Жұманғарин.