
«Қазақстан халқы мен Президенті алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның өркендеуіне арнауға, Конституция мен мемлекеттің заңдарын қатаң сақтауға, барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етіп, мемлекеттілікті және елімнің әлемдік қауымдастықтағы беделін нығайтуға салтанатты түрде ант етемін», деді Ерсайын Нағаспаев.
Премьер-министр Олжас Бектенов ант қабылдағаннан кейін министрлер кабинетінің жаңа мүшесінің қызметіне табыс тіледі.
Еске салайық, Ерсайын Нағаспаев 28 ақпанда Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған еді.