Қоғам • 04 Наурыз, 2025

Серік Әбікенұлы жаңа қызметке тағайындалды

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі журналист, медиа менеджер, жазушы Серік Әбікенұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Серік Әбікенұлы жаңа қызметке тағайындалды

Фото: 7-su.kz

Бұған дейін ол «Қазақ газеттері» ЖШС директорының орынбасары, Алматы қаласы басылымдарының басшысы болған еді.

Енді ол журналист Серік Әбікенұлы «Хабар» агенттігі» АҚ Алматы филиалының директоры қызметін атқарады.

Серік Әбікенұлы Сарыбай –  1972 жылы, 3 қыркүйекте  Талдықорған облысы,  Кербұлақ ауданы, Балғалы ауылында туған. Мамандығы:  журналист, тарихшы.  «НТК», «31 арна» секілді телекомпанияларда Бас редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Тележурналистикадағы еңбек жолын 1998 жылы «Телефабрика» серіктестігінде бастап, «Анау-мынау», «Айтпақшы» бағдарламаларын шығаруға атсалысқан. 2000-2003 жылдар аралығында «Оңтүстік астана» телеарнасында Бас редакторлық қызметте жүріп, «Сойыл» атты тұңғыш тележобасын жарыққа шығарды. «31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметінде 6 жыл жетекшілік еткен.

2013-2018 жылы «Парасат» саяси-қоғамдық журналының Бас редакторы және 2014 жылдан «Жетісу» телеарнасы директорының бірінші орынбасары, кейін осы арна директоры болып қызмет атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше