
Фотолар: Жоғарғы Сот
Кездесу барысында А.Мерғалиев Қазақстанның сот жүйесі мен АХҚО Соты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде дауларды АХҚО соты мен ХАО қарауына беру үдерісі жанданғанын атап өтті. Шетелде аталған соттардың шешімдерін тану және орындау тетіктері талқыланып, АХҚО Сотын ілгерілетуге және оның ТМД елдеріндегі мәртебесі туралы ақпараттандыруға көмек көрсетілді.
ЖС Төрағасы Жоғарғы Соттың АХҚО инвесторлар мен бизнесті тарту орталығына айналуына мүдделі екенін, бұл, өз кезегінде, Қазақстанның сенімі мен инвестициялық тартымдылығын арттыратынын атап өтті.
Л.Бернетт, өз кезегінде, Жоғарғы Сотпен Ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру шеңберінде АХҚО Соты мен ХАО төрелік орталығының қызметі туралы хабардар етті.
Тараптар бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізуді талқылады және мұндай өзара іс-қимыл АХҚО сот органдарының қызметін кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Айта кетсек, Ынтымақтастық туралы меморандумға 2021 жылы ҚР Жоғарғы Сотының, АХҚО Сотының және Халықаралық арбитраж орталығының (ХАО) басшылары қол қойған. Ол сот төрелігінің бірыңғай стандарттарын ілгерілету бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Меморандумға қатысушылар халықаралық бағдарламалар, көпжақты қарым-қатынастар мен байланыстар, сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу іс-шаралары, құқықтық ақпаратпен сот практикасымен өзара алмасу шеңберінде коммерциялық дауларды шешу саласында зерттеу және тәжірибе алмасу, консультациялар жүргізу, өзара қолдау көрсету және ортақ ұстанымдарды дамытуды жоспарлаған.