Аймақтар • 05 Наурыз, 2025

Таразда 160 отбасы баспаналы болды

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындарға баспана кілттері мен тұрмыстық техниканың сертификатын салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда 160 отбасы баспаналы болды

Фотолар: Облыс әкімдігі

Баспанаға 2012-2015 жылдары аралығында кезекке тұрған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар, ІІ топ мүгедектері, жетім балалар және ҰОС теңестірілген азаматтар қол жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше «Ұлы дала» шағынауданында орналасқан №26 үйдің жалпы ауданы 9 600 шаршы метрді құрайды. 160 пәтерлі (2 бөлмелі)  көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Aulet Stroy Taraz» ЖШС-сы жүргізген.

Облыс әкімі халықпен бірге үйлерді аралап, сапасын тексерді. Бұдан соң сол үйдің маңына 20 түп ағаш отырғызылды.

жамбыл әкімдігі