
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
20 жасар студент есінен танып қалған. Дабылға бірден жауап берген бортсеріктер дәрігерлерді көмекке шақырған.
Көмекке жоғары білікті маман реаниматолог, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ жаңа туған нәрестелердің анестезиологиясы, реанимациясы және қарқынды терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург және кардиолог Нұрсұлтан Әуелбекұлы Құрбанбеков жауап берген.
Пациентті қарап-тексеру кезінде ол әлсіз импульсті және нөлдік деңгейдегі қан қысымын (бұл ауыр жағдай) анықтаған. Дәрігерлердің жедел және үйлесімді әрекеттері нәтижесінде қыздың жағдайы бірнеше минуттан кейін айтарлықтай жақсарған.