Ғылым • 06 Наурыз, 2025

Ғылымның жаңа көкжиегі

56 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Caspian University» ғылыми кеңес залында Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясы (ҰИА) мен академик Ө.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты (ММИ) ұйымдастырған «Қазақстандағы механизмдер мен машиналар теориясы ғылымының жаңа көкжиектері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Ғылымның жаңа көкжиегі

Форумға қатысушылар елі­міз­дегі ММТ мектебінің негізін қалау­шы, көрнекті меха­ник-ғалым, ака­демик Өмірбек Арс­лан­ұлы Жол­дасбеков пен ММИ-дің бұрынғы директоры, ҰИА академигі Скан­дар­­бек Жолдасбековті жылы лебіз­­бен еске алды. Сонымен қатар  республикалық конферен­ция академик Скандарбек Жолдас­бе­ковтің 70 жылдық мерейтойына орайлас­тырылды.

Семинарды мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰИА прези­денті, академик Бақытжан Жұма­ғұлов ашып, академик Өмірбек Жолдасбековтің инженерлік ғылым­ның қалыптасуына, маши­на­лар механикасы мен роботтех­никаның дамуына қосқан зор үле­сін атап өтті. Ол 50-ден астам док­тор мен 120-дан астам ғылым кандидатын тәрбиелеп, еліміз­дегі қуатты ММТ (механика және машинатану) ғылыми мекте­­бін қалыптастырды. Осы мектеп­тің көрнекті өкілдерінің бірі – көп­теген жыл бойы «Маши­на жасау» халықаралық ғылыми-тех­никалық орталығын және ММИ-ді басқарған, Қазақ­стан­ның машина жасау са­ла­сын­да­ғы техника мен техно­логияның ­дамуына ай­тарлықтай үлес қос­қан ғылым докторы Скандарбек Жолдасбеков.

Семинарда академик Өмір­бек Жолдасбековтің шәкірттері сөз сөйледі. ҰИА вице-президенті, ҰҒА академигі Амандық Төле­шов ұстаздың ғылыми мұрасы, машиналар механикасы мен роботтехника саласындағы ғылым мен тәжірибе үшін аса қажетті екенін атап өтті. Ғалымдар жо­ға­ры класты механизмдер теория­сы негізінде теңгерілген буын­дары бар энергия үнемдейтін мұнай айдау станоктарының, тех­нологиялық мүмкіндігі жоғары иінді қысқышты престердің және динамикалық тұрғыдан берік әрі тұрақты көтергіштердің перспективалы жұмыс механизмдерін әзірлегендерін баяндады. ҰҒА академигі Мейірбек Молдабеков жұмыс механизмдері мен машиналар және роботтардың манипуляторларын жобалау­ға және құрастыруға арналған цифрлық платформа болып табы­латын «Диспром-3» авто­мат­тан­ды­рыл­­ған иінтіректі механизм­дер­ді жобалау жүйесін ұсынды. Профессор Саят Ыбырай ММТ-ның тағы бір перспективті бағы­ты туралы айтып өтті. Бұл бағыт жасанды интеллект әдістерін пайдалана отырып, мүлдем жаңа, кең функционалдық мүмкіндіктері бар роботтар мен машиналарға арналған механизмдер, манипуляторларды оңтайлы синтездеу міндеттерін қоюға және шешу­ге мүмкіндік береді. Бұл техника­лық шешімдердің көпшілігі әлемде баламасы жоқ және өздеріне жүктелген функцияларды дәл әрі сенімді орындайды.

Президент жанындағы  ҰҒА академигі Айдархан Қалтаев­­тың инженерлік кадрларды даярлау сапасы туралы баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды. Ол Оксфорд, Токио универси­те­ті, Лондон Империал коллед­жі және басқа да әлемнің элита­лық университеттерінің білім бағ­дарламаларын жан-жақты талдай отырып, еліміздегі инженер кадрларды даярлайтын университеттердің оқу бағ­дарламаларымен салыстырды. Нәтижесінде, айтарлықтай айырмашылық анықталды. Бі­ріншіден, пәндер арасындағы бай­ланыстың әлсіздігі инженер­лік білім сапасын төмендетеді. Екін­ші­ден, бұл отандық уни­­вер­ситеттердің шетелдік универ­ситет­термен байланысын орна­ту­дағы өзара түсіністігін қиын­да­тады. Үшіншіден, инже­­нер-техник кадрларды даярлаудың мемлекеттік бюд­жет есебінен тиімділігін төмендетеді.

Семинар қорытындысында машиналар механикасы мен автоматтандырылған робот­­техника жүйелері сала­сын­дағы ғылыми бағыттарды әрі қарай дамытуды жал­ғас­тыру, сондай-ақ келешегі бар ғы­лыми-техникалық бағдар­ламаларды іске асыру барысында ғылыми институттар, жоғары оқу орындары және еліміздің өнеркәсіп секторы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы шешім қабыл­данды. Ғылыми-техникалық және инженер кадр­ларды даярлау сапасына ерекше мән берілді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың осы мәселеге қатысты тапсырмаларын іске асыру мақсатында ҰИА мен ММИ инженер кадр­ларды даярлауға арналған білім бағдарламаларына жан-жақты тал­дау және мониторинг жүргі­зу тапсырылды. Бұл жұмыс нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну үшін жүзеге асырылмақ.

Семинар еліміздің ғылыми өміріндегі маңызды оқиғаға айналды, механика, машиналар ме­ханикасы және роботтехника жүйелері саласындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ғы­лыми-техникалық және инже­нер­ кадрларды даярлау сапасын арттыруға ықпал еткен ауқымды іс-шара болды.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Көкшетау көркейіп келеді

«Таза Қазақстан» • Кеше

Өндірістегі өзгеше отау

Мереке • 01 Мамыр, 2025