Спорт • 06 Наурыз, 2025

Пара шаңғышымыз жаһандық додада жүлде алды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Пара шаңғышымыз жаһандық додада жүлде алды

Фото:Turizm jane sport ministrligi

Аталған жаһандық дода 2026 жылы өтетін қысқы Паралимпия ойындарына рейтингтік ұпай беретін негізгі жарыс саналады екен.

Норвегияның Тронхейм қаласында LW12 санатындағы спринт жарысында отандасымыз Ербол Хамитов мәре сызығын 2:42.45 уақыт нәтижесімен үшінші болып кесіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Министрліктің мәліметінше, жуырда ғана пара шаңғыдан әлем кубогінде Е.Хамитов күміс медаль иеленген.