
Кездесу барысында ақпаратты електен өткізіп, оны объективті түрде ұсынудың ерекшеліктері мен кілтипандары сөз етілді. Әсіресе, сот процессіндегі «жариялылық» ұғымына түсініктеме беріліп, журналистің құқықтық негіздері баяндалды.
«Ел назарына жан-жақты сарапталаған шынайы ақпаратты ұсыну – БАҚ өкілдерінің міндеті. Осы міндеттің үдесінен шығу үшін журналистің құқықтың сауаты жоғары болуы шарт», деді Б. Раисова.
Сонымен қатар адвокат серіктестік тілшілеріне азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған сапалы материалдар дайындап, олардың баспаға жедел жариялануына, сот билігі органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді.