Қысқы спорт • 06 Наурыз, 2025

Әлем чемпионатына қатысатын шорт-трекшілер анықталды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-16 наурыз аралығында Бейжіңде шорт-тректен әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Әлем чемпионатына қатысатын шорт-трекшілер анықталды

Фото: olympic.kz

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Петр Гамидов халықаралық додада ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін бекітті. 

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, әлем чемпионатына қатысатын шорт-трекшілер қатарына 10 спортшы енген. Олар: Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжғалиева.

Команда 8 наурыз күні Бейжіңге аттанады. Қазір шорт-трекшілер Астанада әлем чемпионатына дайындығын пысықтап жатыр.