19 Маусым, 2015

Алматыда ұлттық салт-дәстүр граффити тілімен насихатталуда (фото)

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.06.2015-Muzei 2АЛМАТЫ. 19 маусым. Суретшілер Достық даңғылындағы Тарихи-өлкетану музейінің алдын бейнелеу өнерінің қазіргі заманғы тәсілімен әшекейледі. Ұзындығы 17 метрлік граффити сызбасында қазақи салт-дәстүрді насихаттауға басымдық берілді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. 2002 жылы ашылған мұражайға келушілер саны көңіл қантарлық та емес. Сол себепті, музей басшылығы ғимараттың есік алдын осылайша әшекейлеп, тарихи жәдігерлер жиналған ғимаратқа келушілерді көптеп тартпақ ниетте. Әсіресе, жас ұрпақ өкілдерін музейге шақыру ісінде граффити бейнелеу өнері әдейі таңдалған секілді. Музей фасадындағы граффити дизайнымен дизайнер-суретші Тоғжан Ибрагимова бастаған шеберлер тобы айналысты. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет:tengrinews.kz. 19.06.2015-Muzei 19.06.2015-Muzei 3