Құқық • 07 Наурыз, 2025

Үш адам қаза тапқан өртке байланысты тергеу аяқталды

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігінің анықтау басқармасының үйлестіруімен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылғы маусымда болған жатақханадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үш адам қаза тапқан өртке байланысты тергеу аяқталды

Фото: freepik.com

Еске салайық, 2024 жылғы маусымда Астанадағы жатақханада өрт шығып, салдарынан үш адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 292 – бабы 3-бөлігі: екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша жүргізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қзыметінің мәлімдеуінше жатақхана иесі шарттар мен қажетті құжаттарды рәсімдемей бөлмелерді заңсыз тапсырғаны анықталған. Өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсіндірме жүргізетін қызметкерлерді елемей, олардың талаптарына құлақ аспаған, ғимаратта өрттен қорғау құралдары болмаған.

Сот талқылауы барысында сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.