Мереке • 07 Наурыз, 2025

Қазақстан әйелдері елдің дамуына үлес қосып келеді - Әшімбаев

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Халықаралық әйелдер күніне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан әйелдері елдің дамуына үлес қосып келеді - Әшімбаев

Жазбада былай делінген:

- Көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мейрам қарсаңында бірқатар әріптесіміз жоғары наградалармен марапатталған болатын. Бүгін ұжым болып сенатор әріптестерімізді және Палата аппаратындағы қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сол марапаттарды салтанатты түрде тапсырдық.

Бүгінде қазақстандық әйелдер өздерінің қажыр-қайратымен елдің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Осы орайда Сенаттағы аруларымыздың өте белсенді екенін атап өткен жөн. Олар халық сенімін абыроймен ақтап, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаларын іске асыру үшін аянбай еңбек етіп жүр.

Аппараттағы әпке-қарындастарымыздың да ел үшін атқарып келе жатқан еңбектері зор. Шын мәнінде, Палатада қабылданатын әр шешімде олардың үлесі мол.

Осыған байланысты Сенаттағы барлық ер азаматтың атынан ару әріптестерімізге алғыс айта отырып, тағы да көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға амандық, бақ-береке және барлық істеріңізге сәттілік тілейміз!

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25