ПЕТРОПАВЛ. 19 маусым. Кикбоксингтен өткен Қазақстан чемпионатында 18 жастағы петропавлдық Жадыра Ахмадиева жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, алтын медаль олжалап оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары хабарлады.
Жадыраның спорттың бұл түрімен шындап айналысқанына екі жыл ғана. Бухгалтерлік колледжде оқитын ол додалы жарыста 52 кило салмақ бойынша күресіп, төрт қарсыласын да басымдықпен ұтқан.
«Бұрындары солтүстікқазақстандық бойжеткендер екінші орыннан жоғары көтеріле алмса, менің шәкіртім Қызылжар өңірінің тарихында рекордты жаңартты. Енді оны Қазақстан құрама командасының мүшесі ретінде Индияда тамыз айында өтетін Азия біріншілігі күтіп тұр», дейді чемпионның жаттықтырушысы Әділ Нұржауыпов.
Қазақстан чемпионатында өзге солтүстікқазақстандық кикбоксингшылар да табысты өнер көрсетті. Олар командалық есепте 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальді иеленді.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Сурет: egemen.kz
• 19 Маусым, 2015
Солтүстікқазақстандық бойжеткен кикбоксингтен рекорд жаңартты

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43