Бокс • 11 Наурыз, 2025

Виктория Графеева грек боксшысын нокдаунмен жеңді

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде 50 келідегі Алуа Балқыбекова екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы ТСМ Спортты дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Виктория Графеева грек боксшысын нокдаунмен жеңді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз 1/8 финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері, марокколық Ясмин Мутакиді 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты.

Ал Виктория Графеева әлем чемпионатын өте сенімді бастады

60 келіде дүбірлі додада дебют жасаған отандасымыз 1/8 финалда Грекия спортшысы София Легакиден бір бас жоғары өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсті.

63 келіде ел намысын қорғаған Аида Әбікеева 1/8 финалда Қытай спортшысы Шиоио Жуды 5:0 есебімен жеңді.