ПЕТРОПАВЛ. 19 маусым. Ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айрылған Ақжар аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары мен ауылдық учаскелік полицейге тағайындалған жаза өзгеріссіз қалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға өткен жылы болған. Миы шайқалып, ауруханаға түскен ер адамның жағдайын көрген медбикелер бірден полицияға хабар берген. Алайда, жәбірленушіні соққыға жыққан күдікті табылысымен іс заңға қайшы бағытта өрби бастаған. Сотта белгілі болғандай аудандық ішкі істер бөлімі басшысының тергеу жөніндегі орынбасары К. Дайыров пен учаскелік полицей Қ.Үсенов күдіктіні алдап-қорқыту арқылы қомақты қаражатқа кенелмек болған. Олар оны қылмыстық жазадан босата алатындарына сендіріп, “қайырымдылық” қызметін 300 мың теңгеге бағалаған. Қолына кісен салынып, темір торға тоғытылатынын естіген күдіктінің келіспеске амалы қалмаған. Шарасыз күйге түскен ауыл тұрғыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі қызметкерлеріне қайрылуға мәжбүр болған. Қ.Үсеннов тиісті ақшаны алу үстінде құрықталған. Бұл кезде К.Дайыров әріптесін жанар-жағармай құю станциясының жанында күтіп тұрған.
Сот үкімінде көрсетілгендей К.Дайыров кінәсін мойындамаған. Ал Қ.Үсенов оның бастамасы бойынша қылмысты жасыру фактісін әшкерелемек болған көрінеді.
Облыстық аппеляциялық сот алқасы аудандық соттың К.Дайыровты – 4 жылға, Қ.Үсеновті 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімін қарай келіп, өзгеріссіз қалдырды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Дерек: egemen.kz
• 19 Маусым, 2015
Солтүстік Қазақстан соты үкімді өзгеріссіз қалдырды

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43