Тағайындау • 12 Наурыз, 2025

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі тағайындалды

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі тағайындалды

Фото: ҚР ҚМ Мемлекеттік аудит комитеті

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 57-бабына сәйкес, Парламенттің әр палатасы ҚР Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Осыған орай Конституцияның 58-бабы негізінде Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне Рахымжан Ділдаевтің кандидатурасын ұсынып отырмын», деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Дауыс беру барысында палата депутаттары аталған кандидатураны қолдады.