
Чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегінде Назым словакиялық Николь Дуриковамен кездесті.
Қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, еш қиындықсыз жарыстың ширек финалына өтті. Үшінші раундта төреші кездесуді тоқтатты.
Айта кетейік, 12 наурызда 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Надежда Рябец те ширек финалға жолдама алды. Оның қарсыласы жарысты жалғастырудан бас тартты.