
Спортшылар бірінші күні, 17 мамырда ұзындығы 150 шақырымдық қашықтықта, Жаңаөзеннен Бозжыраға дейін жарысады. 18 мамырда Ақтаудан TetysBlu тақырыптық саябағына дейін 35 шақырымды бағындырып, мәреге жетеді.
«Жеңіске жету оңайға түспейді. Қозғалыс бағдары күрделі. Қатысушылардың келесі межеге дейін жолда аялдап, демалып, тамақтануына арналған аялдамалар қарастырылған. «Rixos Water World Aktau» қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Медициналық және техникалық қолдау да ойластырылған. Сонымен қатар спортшыларға арнайы бағдарланған экскурсия аясында Бозжыра панорамасына бару мүмкіндігі беріледі. Барлық қатысушыларға естелік медальдар табысталады», дейді ұйымдастырушылар.
Веложарыс Бозжыраның боз жолымен сапар шегемін деушілер үшін қызықты, әрі есте қаларлық іс-шара болатыны анық.
Маңғыстау облысы