
«Ол өзінің еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментін басқара отырып, мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуға елеулі үлес қосты», — деп жазылған хабарламада.
Ол білім жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды.
«Білім беру саласының осындай білікті мамандарының ортамыздан кетуі - орны толмас өкініш. Наталья Васильевнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын!», — деп жазды министр.